Мексикадағы пирамидалар майя өркениетіне дейін пайда болған - ғалымдар пікірі

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Аризона университетінің археологтар тобы майя өркениеті пирамидалары мәдениеті пайда болуы туралы қағидаға күмән келтіріп отыр, деп хабарлады «Мексика 24» сайты.
None
None

Археологтар тобының жетекшісі Такеши Иноматаның пікірінше, олардың тапқан олжасы Месоамерика тарихына жаңаша қарауға мәжбүр етеді.

Ежелгі Себаль қаласынан олар майя өркениетіне дейінгі ғимараттар тобын анықтады. Олардың арасында баспалдақты пирамида, сондай-ақ жоралғылар өткізетін биіктігі 1 метр және ұзындығы 55 метрлік тұғыр бар. Археологтар бұл пирамида біздің жыл санауымызға дейінгі 850 жылы, ал тұғыр біздің заманымызға дейінгі мың жыл бұрын салынған деген уәж келтіреді.

Соңғы жаңалықтар