Мексикалық аспаздар әлемдегі ең үлкен бәліш пісірді

МЕХИКО. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Мексикалық аспаздар салмағы 10 мың киләға тартатын, ал ұзындығы 2 шақырымға жететін әлемдегі ең үлкен тәтті бәліш пісірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Бұл дәмді пісіруге 6,6 тонна ұн, 3 тонна маргарин, 2 тонна қант, 44 мың жұмыртқа, 1,5 мың литр сүт және 120 килә тұз жұмсалған. Рекордсмен-бәлішті пісіруге 2 мың аспазшы атсалысқан.Мексиканың экономикалық даму министрі Лаура Влеаскес Алсуа ханымның журналистерге хабарлауынша, бұл дәмді дайындау мемлекет қазынасына 1 миллион песо (76 мың доллар) салмақ түсірген. Мерекелік бәліш дәм пісірілген Соколо орталық алаңына жиналған 200 мың мексикалыққа тегін таратылды. Тәтті тоқаш Мексикада қаңтардың 6-сы күні атап өтілетін Әулие Корольдер күніне орай пісірілген.
Соңғы жаңалықтар