Мексикалық боксшы Хайме Мунгия Геннадий Головкинмен жекпе-жектің уақытын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (37-0, 30 КО) кезекті айқасын кіммен өткізгісі келетіндігін айтты. Оның қарсыластарының ішіндегі бастыларының бірі Геннадий Головкин болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия Геннадий Головкинмен жекпе-жектің уақытын атады

«Хайме Мунгия кеше мені Габриэль Росадоның өзінің келесі қарсыласы болатынын күтіп отырғанын айтты. Мунгиа келесі жылы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуден үмітті, бірақ «Канелоға» баса назар аударады», - деп жазды « Атлетик» журналисі Ланс Пугмир Twitter-де.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы. Ал Мунгияға келетін болсақ, ол 160 фунтта WBO Inter-Continental титулының иегері.

Бұған дейін Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жек Рождество күні (28 желтоқсан) өтеді деп хабарланған болатын.