Мексикалық боксшы Оскар Гонсалес отандасы Хесус Галисимен арадағы жекпе-жектен соң көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Галиси сенбі күні Мехикода WBC Silver нұсқасы бойынша чемпиондық атақ үшін болған айқаста Гонсалесті оныншы раундта нокаутқа түсірген еді.
Шаршы алаңда естен тана құлаған спортшы шұғыл ауруханаға жеткізілді. Артынша оның миына қан құйылғандығы анықталды. Көп ұзамай, жексенбі күні мексикалық көз жұмды. Ол небәрі 33 жаста болатын.
Оскар Гонсалес кәсіби рингте 26 кездесу өткізіп, оның 23-інде басым түсіп, 3-еуінде жеңілген, деп хабарлайды РИА "Новости" агенттігі.