Мексикалық есірткі картельдерінің соғысы екі күнде 70 адамның өмірін қиды

АСТАНА.  Тамыздың  18-і. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні    Мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласындағы   барлардың бірінде  8 адам қарулы шабуылдың  құрбаны болды, 

Мексикалық есірткі картельдерінің соғысы екі күнде  70 адамның  өмірін қиды

деп  хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Полицияның    пайымдауынша,   есірткі  саудагерлерінің  бәсекелесуші  екі  тобы   осылайша  өзара есеп айырысуда.    Өткен  демалыс күндері  Мексикада     есірткімен байланысты    атыс-шабыстар  мен  басқа да     қақтығыстарда   70-ке  жуық  адам   қаза   болды.

Кеше   сондай-ақ,  әуежайлар  мен шекара  өткелдерінде  қызмет ететін  700-ден  астам  мексикалық  кеденшілер жұмыстан  босатылды.   Олардың  орындарына    1400-ден астам жаңа агенттер тағайындалып отыр,  деп  хабарлайды  «Америка   дауысы»   агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, Мексика Президенті Фелипе Кальдерон    2006 жылдан  бері  есірткі саудагерлерімен   бұрын болмаған  күресті   бастап,  бұл   іске  40 мыңға жуық  әскериді  жұмылдырған  болатын.   Бұл операция  АҚШ әкімшілігінің  толық қолдауына ие  болып  отыр.