Мексикалық наркобарон Коротышка екінші рет түрмеден қашып шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Синалоа" картелін басқарған, Коротышка деп аталып кеткен мексикалық ең ықпалды наркобарон Хоакин Гусман екінші рет ерекше қатаң режімдегі түрмеден қашып кетті.
Мексиканың Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының мәлімдемесінде Гусманды соңғы рет сенбі күні Мехико елінің астанасына жақын жердегі "Альтиплано" түрмесінің жуынатын бөлмесінен көргені айтылады.
Гусман мексикалық, америкалық полицейлердің бірлескен операциясы аясында Синалоа штатында ақпанда тұтқындалған болатын. Оны Масатлан курортындағы қонақүйлердің бірінде тұтқындаған, деп жазады шетелдік БАҚ.
Ол ерекше қорғалатын түрмеден қашып кетіп, 2001 жылдан бастап іздестірілуде болған. Forbes журналы Гусманның әл-ауқатын миллиард долларға бағалады.