Мексикалық Рамирес Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - BoxingScene.com ақпаратына сүйенсек, Геннадий Головкин алда өтетін мексикалық Хильберто Рамирес (32-0, 24 KO) пен нидерландылық Геворг Хачикянның (23-1, 11 KO) арасында өтетін жекпе-жекке барады, деп жазады Sports.kz.
Промоутер Боб Арумның айтуынша, мексикалық боксшы жеңген жағдайда, WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақ бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер болады, бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының ықтимал қарсыласы ретінде Геннадий Головкин қаралуда.
«Біз Том Леффлермен келесі жылы осы жеңіліп көрмеген боксшыларды бір-біріне қарсы шығару тақырыбында салмақты әңгіме өткіздік. Бұл тек ертең кешке егер Хильберто жеңген жағдайда ғана болады, осылайша WBO титулына міндетті үміткер мәртебесін сақтап, сосын осы тұжырымдағы әлем чемпионы Артур Абрахамды жеңетін болады.
Боксшылардың көбіне көп қысым көрсетіледі, алайда Хильберто бұған қарсы тұра алады деп ойлаймын. Ол Абрахам және Головкин сияқты тек үздіктермен ғана айқасқа шыққысы келетінін үнемі айтады. Бұған дейін мексиканың атақты боксшылары - Чавес, Моралес, Баррера, Маркес те тек үздіктерді таңдаған. Олардың атақты болуы да осында», - деді ол.