00:02, 11 Наурыз 2017 | GMT +5
Мексикалық төреші 30 секундтың ішінде 3 рет «қызыл» қағаз көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексика Кубогының 1/8 финалының бас төрешісі Мигель Родригес «Монаркас» - «Толука» матчы кезінде 30 секундта Толука-де-Лердо клубының 3 ойыншысын алаңнан қуып шықты. Аталмыш ойынның видеосы YouTube желісінде 9 наурыз күні пайда болды, деп жазады lenta.ru.

Порталдың хабарлауынша, есеп 2:2 болып жатқан сәтте жартылай қорғаушы Кесус Мендеске дөрекі ойыны үшін екінші «сары» қағаз көрсетілді. Осы оқиғадан соң «Толуки» командасының голкипері Альфредо Талавера өзінің клубтасына жақтасып, ол да екінші «сары» қағазын алды. Шабуылшы Энрике Триверио болса, арбитрді итергені үшін «қызыл» қағаз алды.
Осылайша небәрі 8 ойыншысымен қалған «Толукки» өкілдері ойынның тең аяқталуына қол жеткізді. Алайда олар пенальтиден 2:3 есебімен қарсыластарына есе жіберіп алды.