Мексикандық боксшы Гонсалестің зайыбы күйеуінің өлімі туралы хабарды жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикандық боксшы Оскар Гонсалестің зайыбы күйеуінің өлімі туралы хабарды жоққа шығарды.
Алайда оның жағдайы тым нашар. Бұл туралы BoxingScene.com сайты хабарлады.
Осыған дейін мексикандық БАҚ 33 жастағы спортшы миының зақымдануынан ауруханада жан тапсырғанын хабарлаған болатын. Бұл оқиға Гонсалестің отандасы Хесус Галисимен Мехикода өткен жекпе-жегінің 10 раундында нокаутпен жеңілгеннен кейін болған еді.