08:59, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Мексикандықтар телескоппен бақылаудан рекорд орнатты
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Мексика бір мезгілде аспанды телескоп арқылы бақылау бойынша рекорд орнатты.
Шараға елдің түкпір-түкпірінен 2978 адам атсалысқан.
«Рекорд орнату мақсаты жергілікті халықтың өз еншілеріндегі телескоптарды көшеге шығарып, оны мақсатына қарай кәдеге жаратуға итермеледі», дейді Мексикалық ұлттық ғылым академиясының президенті Франко-Хосе Лопес.
Бұған дейін 2011 жылы «бір уақыттағы ойынға» 2753 адам қатысып, рекордқа қол жетті. Ал биылғы шараны ұйымдастырушылар Пуэбла штатында ауа райы бұзылмаса, оған қатысушылардың қатары бұдан да көп болар еді деген пікірде.