Мексиканы жарты ғасырдан бері болмаған аяз буып тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалың қар мен күшті аяз Мексиканың солтүстігіндегі Чиуауа штаты үкіметін федералдық билікке төтенше жағдай режімін жариялау өтінішімен жүгінуге мәжбүрледі.
None
None

Чиуауада термометр көрсеткіші минус 15-ті көрсетіп тұр. Бұл Мексика үшін болып көрмеген жағдай. Штаттың 40 ауданы қар құрсауында қалды. Салдарынан жол қозғалысы шектелуде. АҚШ-пен шекаралас Сьюдад-Хуарес қаласының әуежайы жабылды.

Соңғы жаңалықтар