08:10, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Мексиканың 3 штатында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Мексика билігі «Алекс» дауылынан кейін болған су тасқынына байланысты 180 мың адамды құтқарды,

ал Коауила, Жаңа Леон и Тамаулипас штаттарында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі осы елдің ТЖМ сілтеме жасай отырып.
Анықталған мәліметтер бойынша, толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан Мексикада 12 адам қаза тапты.