Мексиканың оңтүстігінде аса қуатты жер сілкінісі болды

 АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мексиканың оңтүстігінде күші 5,8 балдық   жер сілкінісі болды,

Мексиканың оңтүстігінде аса қуатты жер сілкінісі болды

деп хабарлайды Утро. ру Мексика ұлттық сейсмологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Мехико тұрғындары жерасты дүмпулерін, сондай-ақ кейбір ғимараттардың теңселгенін сезінген. Зілзала ошағы ел астанасынан 300 шақырым жерде орналасқан. Қирандылар мен мерт болғандар жайлы шұғыл ақпараттар әзірге түсе қойған жоқ.