04:41, 28 Наурыз 2016 | GMT +5
Мексиканың оңтүстігінде жойқын зілзала тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака штатында жағалау бойында магнитудасы 5,3 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы елдің Ұлттық сейсмологиялық қызметі хабарлады.

Мәліметтерге сенсек, зілзала ошағы Салина-Крус қаласынан 167 км жерде 16 км тереңдікте болған. Қазіргі уақытта қирау бойынша және зардап шегушілер жөнінде ақпарат келіп түскен жоқ.
Жергілікті билік жағдайды бақылап отыр және келтірілген шығындар туралы мәліметтер жинастыруда, деп хабарлайды әлемдік БАҚ.