12:29, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Мексиканың президенті үнемдеу мақсатында үш министрлікті таратпақ
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Мексиканың президенті Фелипе Кальдерон бюджетті үнемдеу мақсатында олардың міндеттерін басқа министрліктер арасында бөле отырып үш министрлікті таратпақшы,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Ф.Кальдеронның мәлімдеуінше, Туризм министрлігі Экономика министрлігінің құрамына енеді, Қоғамдық басқару министрлігі президенттік әкімшіліктің бөлімі болады, ал Аграрлық реформалар министрлігінің міндеттері ауыл шаруашылығы және әлеуметтік даму министрліктері арасында бөлінбек.
«Төрешілік өзгертулер үкіметке 80 млрд. песо (6 млрд. долл.) үнемдеуге мүмкіндік береді. Босаған қаражаттар кедейшілікке қарсы күреске бағытталатын болады», деп мәлімдеді Ф.Кальдерон.