Мексиканың түрмесінде жаппай үйлену тойы болып өтті

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Мексиканың Хуарес қаласында орналасқан түрмеде 100-ден астам жас жұп үйлену тойын өткізді, деп хабарлады Би-Би-Си-дің Орыс жаңалықтар қызметі.

Мексиканың түрмесінде жаппай үйлену тойы болып өтті

Соңғы кезде бұл қала есірткі қақтығыстарының кіндігіне айналды. Жаппай некеге отыру қылмыскерлерді қоғамға тарту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Соңғы бес жылда Хуаресте есірткі қақтығыстарының салдарынан 7 мың адам қаза болды.