Мектеп асханаларын ашу алгоритмі егжей-тегжейлі қаралады – Бас санитарлық дәрігер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Оқу жылының үшінші тоқсанында мектеп асханалары ашыла ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп асханаларын ашу алгоритмі егжей-тегжейлі қаралады – Бас санитарлық дәрігер

«Мектеп асханасы бойынша мәселе қарастырылып жатыр. Эпидемиологиялық жағдайы қолайлы аймақтағы кейбір өңірлерде мектеп асханаларын ашу бойынша ұсыныстар келіп жатыр. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін мектеп асханаларын ашу алгоритмі егжей-тегжейлі қаралады», - деп жауап берді Е. Қиясов ОКҚ-да өткен брифингте тілші сауалына.

Бұған дейін Ерлан Қиясов Православ дініндегі Крещение мерекесі қалай өтетінін айтты.

Сонымен бірге, британдық коронавирус штаммы Қазақстанда тіркелмегендігі мәлім болды.