Мектеп автобусы апатқа ұшырап, 26 оқушының өмірі қиылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде мектеп автобусы апатқа ұшырап, отызға жуық адам қаза тапты. Бұл жайлы euronews.com хабарлайды.

Мектеп автобусы апатқа ұшырап, 26 оқушының өмірі қиылды

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне қарағанда, жантүршігерлік апат салдарынан жалпы отызға жуық адам, кем дегенде 26 бала қаза тапқан. Олардың барлығы бастауыш сынып оқушылары болған. Тағы оннан астам адам зардап шекті.

Куәгерлер автобустың күрт бұрылар тұста шатқалға құлағанын айтқан.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апат себептері әзірге белгісіз.