Мектеп бағдарламасына «Дінтану негіздері» атты факультативтік курс қосылатын болды

АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы оқу  жылында мектеп бағдарламасына «Дінтану негіздері» атты факультативтік курс қосылатын болды,

Мектеп бағдарламасына «Дінтану негіздері» атты факультативтік курс қосылатын болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Серік Ырсалиев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда жаңа пән дін және оның қандай ағымдары бар екендігі туралы ақпарат береді. Қазіргі уақытта аталған пән бойынша оқу құралдары дайындалып жатыр. Факультативтік курсты тарихшылар, дінтанушылар, мәдениеттанушылар беретін болады. Жалпы қазір осы пәннен дәріс беретін мұғалімдер біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Еліміз көпұлтты, осыған орай бұл халық арасында діни қайшылықтар орын алмауы үшін жасалып отыр.  

Сонымен қатар осы оқу жылынан бастап, білім беру мазмұнына бірқатар толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, 10-11 сыныптарда көлік  жүргізушілерін даярлау, ал төменгі сыныптарда қаржы сауаттылығының негіздері  факультативтік курстары және жоғары сыныптарда қаржы білімі бойынша тиісті жаңа пәндер енгізілді.