Мектеп директоры есірткі сатқаны үшін сотталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-ға қарасты Коми республикасында балалар мен жасөспірімдерге арналған №2 спорт мектебінің директоры Игорь Костин есірткі таратқаны үшін сотталады, деп хабарлады "Интерфакс".
None
None

"Қылмыстық іс бойынша жиналған деректер жеткілікті болғандықтан прокурор істі соттың қарауына жіберді", - деп атап өтті прокуратурада.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындамады. Костиннің көңілдесі оған есірткіні сатуға көмектесті деген күдік бар.

Бұрын хабарланғандай, қаңтар айында 30 жастағы Костин салмағы 50 граммнан астам гашиш болған 63 орамамен қолға түсті. Тінту барысында таразы мен өзге де дәйектер табылған. Аталған факті бойынша есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және сату бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар