08:15, 13 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Мектеп маңында атыс болып, 3 оқушы жараланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Орегон штатының Портланд қаласында мектеп маңында атыс болып, екі бозбала мен бір оқушы қыз жараланды, деп жазады Би-би-си.
Полиция өкілінің хабарлауынша, олардың үшеуі де шабуыл жасаушыдан қашып құтылған және ауруханаға жеткізілген.
Сақшылар оқ жаудырғандардың саны бірнешеу болуы мүмкін екендігін айтады.
Алдын ала болжам бойынша, атыс жергілікті қылмыстық топтар арасында болған.