Мектеп мұғалімдері нанотехнологияларды қолдануды үйренуде

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мектеп мұғалімдеріне арналған «Қазіргі заманғы орта білім беру жүйесіндегі нанотехнологиялар» атты республикалық оқыту семинары басталды,

Мектеп мұғалімдері нанотехнологияларды қолдануды үйренуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семинардың негізгі мақсаты - мектепте сабақ беретін педагог-мамандардың химия және физика пәнін оқыту жұмысында нанотехнологияларды қолдануларына жол ашу. Іс-шара аясындағы дәрістерді Еуразия ұлттық университетінің белгілі физик-ғалымдары оқуда. Ал семинардың іс-тәжірибелік курстарын университет жанындағы Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенінде өткізу жоспарланып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинар қаңтардың 29-ына дейін жалғасады.