Мектеп оқушылар арасында «Жеңіс, естеліктер, отаншылдық» республикалық байқауының қорытындысы шығады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 28-і күні Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқушылар арасында «Жеңіс, естеліктер, отаншылдық» тақырыбына жарияланған республикалық байқаудың қорытындысы жарияланады,

Мектеп оқушылар арасында «Жеңіс, естеліктер, отаншылдық» республикалық байқауының қорытындысы шығады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерзімді басылымдарда, телевидение, радио және интернет сайтта жарық көрге материалдар мен фотосуреттерге жарияланған бұл байқау 2009 жылғы қыркүйектің 1-і мен 2010 жылғы наурыздыың 31-і аралығында өтті. Оны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО кафедрасы мен «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың Алматы конфедерациясы бірлесіп ұйымдастырды. Байқауға республиканың 13 аймағынан 250-ге жуық шығарма келіп түскен болатын. Олар ЮНЕСКО кафедрасының сайтында unesco-kaznu.ucoz.kz орналастырылды. Сондай-ақ барлық оқушыларға үкіметтік ұйымдардың қолдауымен жергілікті білім басқармасынан немесе Балалар құқын қорғау департаментінен сертификаттар табысталды.