Мектеп оқушылары «GENERATIONNEXT» деп аталатын журнал шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «GENERATIONNEXT» деп аталатын жасөспірімдерге арналған журналдың тұсаукесер рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаева арнайы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мен шын жүректен жаңа жобаларыңызға сәттілік, табыстар тілеймін. Министрлік тарабынан қажетті көмектер көрсетіледі. Бұл жоба біз үшін бірнеше тұрғыда барынша маңызды. Біріншіден, бұл балалардың бастамасы және біз оны әр уақытта да қолдайтын боламыз.  Екіншіден бұл маңызы зор жоба. Ол таныстырылым барысында да аталып өтілді», - деді министр.

Айта кетерлігі, 10-19 жастағы жасөспірімдерге арналған журналды елорданың мектеп оқушылары Алиля мен Әмина Нәрікбаевалар шығарып отыр. Таралымы 5 мың дананы құрайтын журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Алғашқы нөмірде Қазақстанның жас ғалымы Дамель Мектепбаева, танымал әнші Динара Сұлтанмен, Назарбаев Университетінің Президенті Шиего Катсумен сұхбаттар жарияланған.

Сонымен қатар танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де арнайы хат жолдап, жас тілшілердің бастамаларына қолдау білдірген.

«Біздің журналымыз  10-нан 19 жасқа дейін әрбір қазақстандықтың журналист болып қалыптасуына, маңызды да қызықты идеяларымен бөлісуіне, түрлі кәсіп иелерімен немесе қоғамға пайдасы зор азаматтармен сұхбаттасуға мүмкіндік береді», - дейді журналдың бас редакторы Әсем Берік.

2 

3 

4 


Соңғы жаңалықтар