Мектеп оқушылары Каспий жағалауында этноауылдың жобасын жасады

Болашақ жобаның макеті де дайын. Мектеп оқушылары оны өздерінің қолдарымен жасап шығарды. Жоба бойынша теңіздің жағасына қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген демалатын орын орналастарылады, сондай-ақ онда балалардың демалулары үшін арнайы шатыр тігіледі. Бұған қоса аймақта шәйхана, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылатын спорт алаңы бар. Сондай-ақ жергілікті қолөнер шеберлерінің туындылары қойылатын киіз үйлер де тігіледі.
Этноауылда балалар түрлі кәсіптерді де үйренеді.
«Меніңше, бұл керемет бастама. Бәрінен бұрын маған теңіздің жағасында түрлі өнерді үйренген ұнап тұр. Меніңше, бұл ересектерді де балаларды да қызықтыруы керек»,-деді Ақшүкір мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Әбіш Шүкірбай.
Жоба авторлары мұнда келушілердің өте көп болатындығына сенімді. Бұл жерде күніне 300-дан астам адам келіп демалады. Этноауыл мезгілдік жоба, сондықтан ол күзде және қыста жинап алынады.
«Бұл менің оқушыларымның бастамасы болатын, мен тек олардың армандарының орындалуына қолдау көрсетіп жүрмін. Егер жоба сәтімен жүзеге асатын болса, этноауыл Маңғыстау өңіріндегі қонақтар қатынайтын тағы бір орындардың біріне айналады және оқушылар да қазақ халқының мәдениетін тереңірек біле түседі»,-дейді жобаның жетекшісі, Ақшүкір мектеп-лицейінің ұстазы Гимран Мүсіров.
Қазіргі таңда жобаның бастамашылары оны жүзеге асыру үшін әкімдікке қайырылып, жеке инвестолар іздестіруде.