Мектеп оқушылары мемлекеттен сыйға алған ноутбуктерін саудалаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Уттар-Прадеш штатының мектеп оқушылары оларға мемлекет тарапынан білім беру сапасын көтеру бағдарламасы аясында бөлінген ноутбуктерін сатқан. Бұл туралы The Times of India жазады.

Мектеп оқушылары мемлекеттен сыйға алған ноутбуктерін саудалаған

Олардың бұл астыртын әрекеті математика пәнінің мұғалімі сайттардың біріне электрониканы сататыны туралы хабарландыру орналастырып, оны $230 көлеміндегі қаражатқа сатқаннан кейін белгілі болды. Мұғалім оны оқушысының ата-анасынан алған. Ол өзінің мұндай қадамға кедейшіліктен барғанын айтып ақталған.

Айта кетейік, бұл елде «Тегін ноутбук» аталатын бағдарлама 2012 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Содан бері білім мекемелеріне барлығы 24 мыңнан астам компьютер бөлінген.

Мектеп оқушыларының бұл әрекеттері туралы білген ел билігі қатты қынжылыс білдірді. Сондай-ақ олар аталмыш мұғалімге қатысты тиісті шаралар қолданылатынын жеткізді.