Мектеп оқушылары түлектер кешін қатаң түрде тек таңертең атап өтеді
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Қырғызстанның мектеп оқушыларына түлектер кешін кешке және түнде атап өтуге тыйым салынды.
Тиісті бұйрыққа республиканың министрі Қанат Садықов қол қойды.
Орта мектепті аяқтауға арналған барлық шаралар таңертеңгі сағат 10:00-де өтуі тиіс. Құжатта бұл мерекені ойын-сауық мекемелерінде, дәмханаларда, мейрамханаларда және табиғат аясында өткізуге болмайтындығы көрсетілді.