Мектеп оқушыларына медициналық қолғап керек емес – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов сабақ кезінде балаларға медициналық қолғап кигізуді міндеттеу туралы әлеуметтік желідегі ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп оқушыларына медициналық қолғап керек емес – министрлік

«Балаларға қолғап кигізу міндетті емес екенін айтқым келеді. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді ол

Оның сөзіне қарағанда, сабақ кезінде балаларға маска тағу керек болады.

«Себебі балалар коронавируспен сирек ауырса да, ауруды тасымалдайды. Сәйкесінше, індетті ересек адамдарға жұқтыруы мүмкін», - деп түсіндірді ресми өкіл.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 2,5 мыңға жуық бала коронавируспен ауырған.