Мектеп оқушыларының Республикалық олимпиадасында Астана командасы І орын алды

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Астаналық мектеп оқушылары командасы Республикалық олимпиадада математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша «Үздік команда - 2013» атағын жеңіп алды.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан мәлім етті.

Астана оқушылары жеті жыл қатарынан Республикалық олимпиадада көш бастауда.

Биылғы жылы математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада Талдықорған қаласында наурыздың 12-сінен 18-не дейін өтті. Оған елорданың жалпы орта білім беретін мекемелерінен 47 оқушы қатысты. Олардың 26-сы медаль, грамоталармен марапатталды. Астаналық оқушылардың 7-уі - бірінші, 9-ы - екінші және 10-ы үшінші орынға ие болды.

«2013 жылы олимпиада өте қиын өтті. Әсіресе, математика пәнінің тапсырмалары күрделі болды. Алайда, біздің балалар бұл пән бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, 2 бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар, астаналық оқушылар географиядан -3, физикадан 1 «алтын» алды», - деді astana.kz сайтына «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Майра Құрманбаева.

Орталық директорының айтуынша, 25-і мен 30 наурыз аралығында Тараз қаласында мектеп оқушылары Республикалық олимпиадасының екінші кезеңі өтеді. Бұл жолы балалар гуманитарлық пәндер бойынша жарысқа түседі. Олимпиадаға Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 40-тан астам дарынды баласы қатысады.

Соңғы жаңалықтар