Мектеп оқушысы 40 баланы шприцпен жарақаттады

АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Пуэрто-Рико қаласы мектептері бірінің оқушысы медициналық шприцпен басқа балаларға шабуыл жасады. Соның нәтижесінде 40 бала жарақат алды.
None
None

Қазір зардап шеккендердің барлығын дәрігерлер тексеруде, деп хабарлады РБК.

Дәрігерлер шприцте қандай зат болғанын әлі анықтаған жоқ, бос болуы да мүмкін. Дегенмен барлық зардап шеккендерден сынама алынды.

Құрбыларына шабуыл жасаған қызды ұстады. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар