Мектеп оқушысы адасып кеткен күшікті иесіне қайтарып, 10 мың доллар сыйақы алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтонда жоғары сынып оқушысы адасып кеткен күшікті иесіне қайтарып, 10 мың доллар сыйақы алды. Оның иесі АҚШ-тың Конгресс өкілдері палатасының бұрынғы спикері Джон Бейнердің баспасөз хатшысы болып шықты, деп хабарлайды Би-би-си.

Мектеп оқушысы адасып кеткен күшікті иесіне қайтарып, 10 мың доллар сыйақы алды

18 жастағы Рашида Смит күшікті метро стансасының маңынан тауып алып, үйіне алып келген.

Кейін мәлім болғандай, 4 айлық Магги атты күшіктің иесі Макл Стил мен оның жұбайы оны тауып берген адамға 10 мың доллар сыйақы беретінін жариялаған екен.