Мектеп оқушысы мұз астына түсіп кеткен балаларды құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Курск облысы Корневский ауданындағы Плодосовхозный орта мектебінің оныншы сынып оқушысы ТЖМ-ның «Судан құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Мектеп оқушысы мұз астына түсіп кеткен балаларды құтқарды

Жоғары сынып оқушысы мұз астына түсіп кеткен екі баланы құтқарған, деп хабарлады Ресей ТЖМ облыстық басқармасының баспасөз қызметінен.

Келеңсіз жағдай 6 наурыз күні орын алды. Бірінші және үшінші сыныптың екі оқушысы жергілікті су қоймасына барып, мұз астында жүзіп жүрген балықтарды көрмек болған.

Жұқа мұз жарылып, балалардың біреуі суға түсіп кеткен. Оны құтқармақ болған екіншісі де қолын созған күйі құлаған. Сол маңға таяу жерде жүрген Илья Ильяшенко көмек сұраған дауыстарды естіген бойы мұз үстімен жүгіріп барып, суға секірген. Ол қалтыраған оқушыларды ұстаған қалпы мұзды жарып, жағаға қарай жүзген. Таяздау жерде Илья табан тіреп, балаларды судан алып шықты.

Ерлікке толы ісі үшін ол «Судан құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Сонымен бірге, өзінің осы батылдығы үшін Илья Ильяшенко құрмет грамотасы мен мектептің педагогтар ұжымының атынан жаңа смартфонға ие болды.