Мектеп оқушысы өз әкесін атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Делавэр штатында бозбала өз әкесін арбалетпен атып өлтірді, деп жазады Росбалт.
The Washington Post-тың хабарлауынша, 17 жастағы Сет Рэмси сабақтан көп кешіккені үшін жазалайды деген қорқыныштан өз әкесіне қастандық жасаған.
Әкесі - 41 жастағы Тодд Рэмсидің денесі әріптестері оның жұмысқа келмегенін хабарлағаннан кейін табылған.
Қылмыскер тұтқынға алынды.