10:35, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Мектеп оқушысы сабақ барысында өз-өзіне қол салмақ болды
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Цинциннати (Огайо штаты) қаласында ер балаларға арналған католиктік мектептің оқушысы сыныптастарының алдында өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Бұл туралы Утро.ру. хабарлап отыр.
The Huffington Post мәлімдеуінше, оқиға La Salle мектебінде 29 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8.00-де болды.
Жасөспірім бірінші сабақтың үстінде өзінің басына оқ атқан. Бұл уақытта үшінші қабатта орналасқан сыныпта 22 бала бар еді. Жарақаттанған оқушы Цинциннати медициналық орталығына жеткізілді. Оның жағдайын ақ халаттылар ауыр деп бағалап отыр.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, барлығы қас-қағым сәтте болды. Сабақ барысында оқушы кенеттен тапаншаны алып шығып, өзіне атқан. Оның бірнеше сыныптасы бірден 911 қызметіне хабарласып, тәртіп сақшылары мен жедел жәрдемді шақырды.