Мектеп оқушысы ыммен, ишарамен көңіл-күйді білдіре алатын бала күтуші-робот жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде мектеп оқушысы, «Беларусь 100 идеясы - 2014» байқауының «Робот техникасы» аталымының жеңімпазы Александр Дубовоцкий ыммен, ишарамен көңіл-күйді білдіре алатын, баланың күтушісі болуға жарайтын робот жасап шығарды.
None
None

Бұл туралы БЕЛТА тілшісіне байқау үйлестірушісі Алеся Винник мәлімдеді.

Алеся Винниктің айтуынша, робот айналасында болып жатқан оқиғаларға ден қойып, жымия, тіпті қайғыра да алады. Дауыс үндестігін ажыратып, сөйлейді. 3D форматында мультфильмдер көрсетіп, балалармен бірге ойнап, оларға сабақ оқыта алады. Сондай-ақ үй-жайда газ, түтін шықса, сканерлеп, жедел түрде тиісті қызметке хабарлай алады. Алғаш рет робот кеше, 25 қыркүйекте Жоғары технологиялар паркі, ПВТ бизнес-инкубаторында Smart TV үшін үздік қосымша әзірлеу жөніндегі LG Electronics және БРСМ LG Apps Contest Belarus компаниясының бірлескен байқауының таныстырылымы уақытында көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар