Мектеп тирінде оқушы сыныптасын басынан атып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурятияда 16 желтоқсан күні 14 жасар мектеп оқушысы өзінің сыныптасын мектеп тирінде абайсызда жаралап алды, деп жазады vesti.ru.
Жапа шеккен оқушыны ауруханаға жеткізген. Алайда оқ оқушының басына тесіп кірген екен, сондықтан оның жарақаты өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Қазіргі сәтте мектеп үйірмесінің жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.