Мектеп жанындағы жол инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары әзірленді
АСТАНА. KAZINFORM – Биыл оқу орындарының жанында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленіп, оны облыс әкімі бекітті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов мәлім етті.

«Балалардың жол-көлік жарақатын азайту мақсатында мектептер және мектепке дейінгі мекемелер мен оларға іргелес аумақтар орналасқан жерлердегі жол инфрақұрылымының жай-күйіне тексеру жүргізілді. Осылайша, әр облыста 2024 жылға арналған оқу орындарының жанында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленіп, оны облыс әкімі бекітті», - деді Әсет Оспанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін елімізде өгей ата-анамен тұратын балалар ерекше бақылауға алынатыны туралы хабарлаған едік.
Сондай-ақ, брифинг барысында бала тәрбиесіне осал қараған 6 мыңнан астам ата-ананың есепке алынғаны айтылды.