Мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарға байланысты 263 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарға байланысты 263 адам қауіпсіз жерге көшірілді,

Мектепке бомба  қойылғаны  туралы  жалған    хабарға байланысты 263 адам қауіпсіз жерге көшірілді

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Құтқарушылардың дерегі бойынша, Атырау қаласындағы №18 орта мектепке жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы анонимді қоңырау «102» пультіне кеше, мамырдың 24-і күні сағат 13:45-те түсті.

Жүргізілген арнайы шаралардың барысында ешқандай бомба табылған жоқ.