Мектепке дейінгі білім беретін жаңа буын педагогтарын даярлау қажет - Б. Жұмағұлов

АСТАНА.  24 тамыз. ҚазАқпарат -  Мектепке дейінгі білім беретін жаңа буын педагогтарын даярлау қажет.

Мектепке дейінгі білім беретін жаңа буын педагогтарын даярлау қажет - Б. Жұмағұлов

 Бұл туралы бүгін Астанада «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысы барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Біз әлемдік тенденцияларға талдау жасадық. Ол мектепке дейінгі тәрбиенің мектепке дейінгі білім беруге айналып келе жатқанын көрсетті. «Үлкен жетілік» елдерінде балаларды ерте жастан оқыту қарастырылған. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамытуға көңіл бөлінеді»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, мектепке дейінгі оқыту мен тәрибенің мазмұнын және әдістерін қайта қарастыру керек. Олар әр баланың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс.