Мектепке дейінгі ұйымдарға келетін балалардың саны 35 мыңға ұлғайды

ТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бірінші жартыжылдықта мектепке дейінгі ұйымдарға келетін балалардың саны 35 мыңға ұлғайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарға келетін балалардың саны 35 мыңға ұлғайды

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Бірінші жыртыжылдықтың қорытындылары бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға келетін балалардың саны 35 мыңға ұлғайды», - деді ол.

Қ.Келімбетовтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе және Орал қалаларында зияткерлік мектептерін салу қолға алынған. Сондай-ақ елімізде мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қосымша оқыту орталықтары ашылатын болады.

«Кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру мақсатында «Кәсіпқор» акционерлік қоғамы ашылды. Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында әлемдік деңгейдегі кәсіптік-техникалық колледждер ашу мәселесі пысықталуда», - деді ол.