«Мектепке жол» акциясы аясында 4 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы аясында тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 4 004 балаға көмек көрсетілді. Демеушілердің 44 млн. 445 мың теңге қаржысына 2 949 бала мектепке қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді, деп хабарлады astana.gov.kz.

«Мектепке жол» акциясы аясында 4 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді

Балаларды мектепке әзірлеуге үлес қосқандар көп. Соның ішінде Әділет министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Дін істері агенттігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Нұр Отан» партиясы, «ҚазАэроСервис» АҚ, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, ғылыми-зерттеу орталығы, қалалық мешіттер, «Тұран - Астана» университеті, «KZ» ҚҚ, «Дар» ҚҚ шарадан тыс қалмады. Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар сөмкелермен, мектеп құралдарымен, спорттық киім-кешекпен, жейделермен және т.б. қамтамасыз етілді.

Елордада «Хан Шатыр» СОО, «Сарыарқа» СОО, «Евразия» СҮ, «Жаннұр» СҮ, «Шапағат» базарында және Орталық базарда киім-кешектер қабылдайтын контейнерлер орнатылды. «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.