«Мектепке жол» акциясы барысында балалардың қараусыз жүруінің алдын алуға баса назар аударылады - ҚР БҒМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ағымдағы жылы сабақтан қалудың алдын алуға және қараусыз жүрген балаларды анықтауға баса назар аудару жоспарланған, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім.
None
None

«Мектепке жол» акциясы аясында оқумен қамтылмаған балалар мен оқушылардың сабақтан қалу жағдайларын анықтауға, балаларға мектепке жиналуға көмек көрсететін әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалар мен отбасыларға бақылаушы енгізу мәселелеріне екпін салынғалы отыр», - деді М.Әбдікәрім.

Оның айтуынша, биылғы жылдың тамыз бен қыркүйек айлары аралығында бірқатар шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Әрбір елді мекенде, фермада, қала маңындағы саяжайларда, шаруашылықтарда, бөлімшелерде, алаңдарда «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылады, деп жазады primeminister.kz.

«Бұл топтағы балаларға қараусыз жүрген жеткіншектер, жайсыз отбасының, көшіп-қонушы отбасылардың балалары, үнемі сабақтан қалып, қайыршылықпен айналысатын балалар, шаруашылық алаңдарында жұмыс істейтін балалар жатады», - деп атап өтті ол.

Осы рейдтердің барысында осы топқа жататын балалардың нақты есімдері мен мекен-жайлары белгіленеді және олар білім беру органдары мен демеушілерге, меценаттарға бекітіледі.

«Министрлік бүгінгі таңда 100-ден астам компанияға, АҚ-ына аталған іс-шараны өткізу және осы санаттағы балаларға көмек көрсету туралы хаттар жолдады. Бұдан өзге, акция өткізу кезінде жедел желілердің үздіксіз жұмысы, білім беру ұйымдарында, білім беру басқармаларында, білім берудің аудандық бөлімінде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады», - деп мәлімдеді ол.

Бұдан өзге, ірі сауда орталықтарында мұқтаж оқушыларғаә қажетті заттарды беру үшін қайырымдылық пункттері құрылады.

Ол сондай-ақ 7 жыл бойы «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізіп келе жатқандығын, осы уақыт аралығында 2 млн-нан астам балаға 10 млрд теңгеден астам қаржыға материалдық көмек көрсетілгенін айтты.

«Акцияның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, тек өткен жылдың өзінде 300 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 2 млрд-тан астам тенгеге көмек көрсетілді, оның ішінде 190 мың балаға 1 млрд 159 млн тенгеге демеушілермен көмек көрсетілді», - деп толықтырды төраға орынбасары.

Соңғы жаңалықтар