«Мектепке жол» акциясына кез келген елордалық үн қоса алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада сауда орталықтарының аумағында мектеп оқушыларына арналған киім-кешектер мен керек-жарақтарды қабылдау үшін контейнерлер орнатылды.

«Мектепке жол» акциясына кез келген елордалық үн қоса алады

Жыл сайын тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу мақсатында елімізде «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Шара басталған 1 тамыздан бері 1150 балаға көмек көрсетілді. Акция аясында «Шапағат» коммуналдық базарында, «Жаннұр» сауда үйінде, сондай-ақ қалалық орталық базар аумағында мектеп жасындағы балаларға киім-кешектер мен керек-жарақтарды қабылдауға арналған контейнерлер орнатылды. Осылайша, қала тұрғындары тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беру мүмкіндігіне ие болды. Аталған акция мұқтаж жандарға жәрдемдесуге, қолдау қажет ететін жандарға мейірбандылық танытуға үндейді, деп хабарлайды astana.gov.kz.