Мектепке жол: Атыраулық 11 мыңнан астам мектеп оқушысына көмек көрсетіледі

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Мектепке жол» акциясы аясында атыраулық 11 мыңнан астам мектеп оқушысына көмек көрсетіледі, деп хабаралйды ҚазАқпарат.

Мектепке жол: Атыраулық 11 мыңнан астам мектеп оқушысына көмек көрсетіледі

«2017 жылы «Мектепке жол» акциясы «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету» атты ұранмен өтеді. Акцияның мақсаты - әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысы жоқ және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға көмек көрсету. Егер өткен жылы көмекті қажет ететін балалар саны 14 мың 868 болса, биыл олар 11 мың 502 болып отыр»,-деп хабарлады Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Кайырғали Кенжеғалиев.

Акция 1 тамызда басталды және қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар аталмыш шараға барлық азаматтарды қатысуға шақырып отыр, әсіресе өңірдің бизнес саласының өкілдерін.