12:31, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Мектеппен қоштасу соңғы қоңыраудан басталады
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық 3 500 мектеп түлегі үшін қоңырау үні соңғы рет сыңғырлап, осы іс-шараға орай дәстүр бойынша бітірушілердің салтанатты сапқа тұру рәсімі өтеді,
деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Оқушылар мен мектептердің педагогикалық ұжымдары оқу жылының аяқталуын Қаржы министрлігі алдындағы алаңда, Б.Момышұлы атындағы саябақтың амфитеатрында, «Отан қорғаушылар» алаңында 2010 жылғы түлектердің құрметіне арналған салтанатты іс шаралармен атап өтеді.
Мерекелік бағдарламаның басталуы сағат 12:00-ге жоспарланған.
Ағымдағы оқу жылында елордалық 132 түлек «Алтын белгіге», ал 98-і үздік аттестатқа үміткер.