Мектепте болған қыспақта 100 бала зардап шекті

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Қытайдағы бастауыш мектептердің бірінде бір топ оқушылар қыспақта қалған. Төтенше жағдай салдарынан 100-ге тарта бала жарақат алды.

Мектепте болған қыспақта 100 бала зардап шекті

Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасаған Утро. ру агенттігі хабарлайды.

Журналистердің мәліметі бойынша, оқиға Ұйғыр автономды аумағындағы Ақсу қаласының №5 мектебінде болған. Түс уақытында сабақтан кейін оқушылар спорт алаңына қарай лап қойған. Бірнеше бала сатыдан құлап, оның үстіне басқа оқушылар да құлай бастаған.

Зардап шеккен оқушылардың барлығы ауруханаға жеткізілген. Алдын ала деректер бойынша, қаза тапқандар жоқ. Бұл мектепте барлығы мыңнан астам бала оқиды.