Мектепте оқ жаудырған жасөспірімнің қолынан қаза тапқандар саны үшеуге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Вашингтон штатының Мэрисвилл қаласында мектепте болған атыс салдарынан тағы бір жасөспірім мерт болды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Мектепте оқ жаудырған жасөспірімнің қолынан қаза тапқандар саны үшеуге жетті

Үш жасөспірім қаза болды. Ауруханада тағы үш оқушы жатыр, дәрігерлер олардың екеуінің жағдайлары қиын, тағы біреуінікі ауыр деп отыр.

Бұл оқиға 24 қазан күні таңертең орын алған. Тапаншамен қаруланған 14 жастағы Джейлин Фрайберг мектеп асханасына кіріп, оқ жаудырған. Салдарынан бір адам оқиға орнында жан тапсырды, жеті адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Қылмыскер соңынан өзін де атып тастаған.