11:05, 25 Тамыз 2022 | GMT +5
Мектептер құрылысына алдағы 3 жылда қанша қаражат бөлінбек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы үш жыл ішінде елімізде 504 мектеп салу жоспарланған. Олардың құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінуі мүмкін. Қаражат сомасы ашық талқыға шығарылған «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер санын төмендету үшін құрылысқа жұмсалатын шығындар қайта қаралды. Осыған байланысты «Жайлы мектеп» жаңа пилоттық Ұлттық жобасы дайындалды. Оның аясында үш жылдық мерзімде жалпы сомасы 2 606 596 055 теңгеге 504 мектеп салу жоспарлануда», - делінген бюджет жоспарында.
Құжатта көрсетілгендей, мектеп құрылысына бағтталатын қаржының 500 млн теңгесі келесі жылы бөленеді. Ал қалған 2 млрд теңгеден астам қаражат 2025 жылға дейін берілмек.