Мектептерде 860-тан астам стоматологиялық кабинет ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы 3 жылда мектептерде 860-тан астам стоматологиялық кабинет ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

стоматология
Фото: Kazinform

- 2028 жылға дейін жалғасатын «Болашаққа сау тіспен» жоба аясында былтыр мектептерде 125 стоматологиялық кабинет ашылды. Осы тұста, Шығыс Қазақстан облысы мен Ұлытауда бірде-бір кабинет ашылмаған, ал Астана қаласында жоспарланған 30 кабинеттің тек 5-уі ғана ашылған.

Алдағы 3 жыл ішінде қосымша 862 кабинет ашу жоспарлануда. Өңір басшыларынан осы мәселені бақылауға алуды сұраймын, - деді министр.

Оның дерегінше, бүгінде 3500-ға жуық мектеп қатысатын балалардың денсаулығын нығайту үшін «Саламатты мектеп» жобасы іске асырылуда.

- Алайда, осы бастамаға өңірлердегі мектептердің аз тартылуы байқалады. Атап айтқанда, Алматы облысында - 432 мектептен тек 20-сы, Ақмола облысынан 520-дан 23-і ғана, Жетісудан 315-тен 20-сы, ал Маңғыстау облысында 172 мектептен 21-і ғана қатысып отыр, - деді Ақмарал Әлназарова. 

Бұған дейін балалардың денсаулығын қорғау үшін қандай маңызды шешімдер қабылданғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум