Мектептерде ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілері туралы сенім телефондарына хабарлауға болады - Астана

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Мектептерде ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілері туралы Астана қаласы прокуратурасының сенім телефондарына хабарлауға болады,

Мектептерде  ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілері  туралы сенім телефондарына хабарлауға болады  - Астана
деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз қызметінің түсінік беруінше, Астана қаласының прокуратурасы жасөспірімдердің жалпы орта және бастапқы кәсіптік білімді тегін алу құқықтарының сақталуына, сондай-ақ қаладағы білім ошақтарында орын алып жатқан заңсыз ақша жинау фактілеріне тексеру жүргізіп жатыр. «Жоғарыда аталған заңнама талаптарының бұзылу және мектептер мен балабақшалардың қажеттіліктері үшін ата-аналардан ақша жинау фактілері туралы қалалық прокуратураның сенім телефондарына - 71-24-48, 71-24-35- хабарлауға болады», деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.